Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлебиде Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Төлебиде Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Биыл Астана қаласының 20 жыл толуына орай  Түркістан облысы, Төлеби ауданында жыл басынан жоспарға сәйкес түрлі деңгейдегі шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Асқақтай бер — Астана!» атты салтанатты кеш өтті.


Мерекеге орай, тематикалық кітап көрмесі, астана құрдастарының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараның шымылдығын аудан әкімі Бауыржан Омарбеков құттықтау сөзімен ашып, аудан тұрғынарын меерейлі мерекемен құттықтады.


Мереке барысында, 20 адамға «Астанаға 20 жыл» төс белгісі, биыл алынған 20 техниканың төлқұжаты, 20 ардагер ақсақалға демалыс орындарына жолдама, 20 мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге қол арба тапсырылды.


Сондай-ақ, мерекелік кеш барысында тыл ардагер, зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі 20 адамға «Ардагерлер үйіне», Сарыағаш, Біркөлік шипажайларына жолдама табысталса, жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін «Алтын алқа» және алты бала туып, тәрбиелегені үшін «Күміс алқа» төс белгісімен 20 батыр ана наградталды.
Салтанатты іс-шара соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікір жазу