Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кентауда Астананың 20 жылдығынана орай төрт нысан ашылды

Кентауда Астананың 20 жылдығынана орай төрт нысан ашылды

Түркістан облысының Кентау қаласында «Астананың 20 жылдығына — 20 нысан» акциясы шеңберінде төрт нысан ашылды. Мерейлі  мереке қарсаңында  кеншілер қаласында жаңа жүзу бассейнінің лентасы қиылды. Енді шаһардағы жергілікті тұрғындар мен балғындар су спортымен айналысу үшін алысқа сабылмайтын болды.

Ғимараттың аумағы 1300 шаршы метрді құрайды. Ұзындығы  50 метрлік бассейн 8 жолақтан тұрады. Жүзу алаңына  бір мезетте 86 адамның түсуіне мүмкіндік бар. Сондай-ақ,  мұнда жасөспірімдерге арналған ұзындығы 20 метрлік кіші бассейн де қарастырылған.

Бұдан бөлек, қалада екі бірдей сүт қабылдау бекеті іске қосылды. Олар «Құсшы Ата» мен «Исмет ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің модульдік сүт қабылдау бекеттері.  Жалпы құны 5 млн теңге болатын сүт бекеттерінің әр қайсысының өнім сыйымдылығы 2000 литрді құрайды. Сүт қабылдау бекеттері сүт сақтауға арналған танкер, арнайы зертхана, тоңазытқыштармен жабдықталған. Аталған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінде бүгінде  77 адам мүшелік етеді.

Осы күні айбарлы мерекеге орай қаладағы Сейфуллин және Яссауи даңғылдарының қиылысында елорданың 20 жылдығына арналған белгі орнатылды. Онда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Астана жайында айтылған дана сөздері жазылған болса, ортасында айшықты Бас қаланың бәйтерегі бейнеленген.

Нысандардың ашылуына қатысқан қала әкімі Ә.Мақұлбаев ел мерейін асқақтатқан меройтоймен кентаулықтарды құттықтады.

Осылайша кеншілер қаласында айтулы күнге орай бірқатар нысандар ашылып, қала тұрғындары үшін мерекелік тарту болды.

Пікір жазу