Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАҒЫ БІР ОРЫНБАСАРЫ

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТАҒЫ БІР ОРЫНБАСАРЫ

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары.

Шымкент қаласының әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды.

Бұл лауазымға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Ергешбек Нұрсадық орналасты.

ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Ергешбек Нұрсадық Еркешбекұлы тағайындалды.

Нұрсадық Ергешбекұлы еңбек жолын 1993 жылы «Дамет» сақтандыру қоры филиалының директоры қызметінен бастаған. 1998 жылы — «Энергоснабгрупп-2030» ЖШС бас директоры, 2003 жылы — «Түркістан энерго» ААҚ директорының орынбасары, 2004 жылы — «3-Энергоорталық» АҚ директорының орынбасары, 2005 – «Центра Азия Цемент» ЖШС директоры, 2014 жылы — «Корпорация Евразия» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Ал 2017 жылдан бүгінгі таңға дейін «Қуатжылуорталық» МКК директоры қызметін атқарып келді.

Қызмет құрмет әперсін!..

Пікір жазу