Басты бет » Спорт » ШЫМКЕНТТЕ «CHALLENGE. СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «CHALLENGE. СЕНІҢ ЖАҢА ҚЫРЫҢ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіру мақсатында, шырайлы қаламызда «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы өткізілді.

Акцияға қала тұрғындары, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен қатар, қаламыздың танымал үздік спортшылары Мұxтарxан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов, Ерсұлтан Мұзаппаров, Роза Абитовалар қатысып, қатысушыларға қолдау білдірді.  Акцияда жалпы 1000-ға жуық адам белсенділік танытып, жаттығулар жасады.

Ісшараның басты мақсаты – қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа деген қызығушылықты арттыру болатын.

Шараға Шымкент қалалық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Әбдіқұлов белсене қатысып, қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға шақырды.

Ал, жыл бойы белсенділік танытқандар да ескерусіз қалмады. Республикалық «Challenge. Сенің жаңа қырың!» спорттық акциясының белсенді қатысушылары болып Нурлыбаев Асхат, Мирсиева Диана танылса, «Ең үздік спорттық команда» марапаты «TVK» телеарнасына бұйырды.

Осылайша шымкенттіктер салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

 

Дастан Башировтің фоторепортажы.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*