Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИДІҢ ТИЯНАҚТЫ ТІРЛІКТЕРІ

ТӨЛЕБИДІҢ ТИЯНАҚТЫ ТІРЛІКТЕРІ

Өткен жыл қорытындысы мен алда атқарылатын жұмыстар туралы Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, журналистер алдында толық мәлімет беру кезегі Төлеби ауданына да жетті. Аудан әкімі Бұхарбай Парманов жарты сағат ішінде алдындағы қағаздарына көзінің қиығын да салмастан, аудан тіршілігінен жан-жақты хабардар етті. Газдандыру, ауызсу, туризм, білім, экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, тағысын-тағы.

«Аудандағы жалпы ауыл шаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы 32 млрд. 256 млн. теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 100,9 пайызды құрады. Ауыл шаруашылық кооперативтері бойынша 20 кооператив құрылды. 2020 жылға қарай қарқынды алма бауының көлемін 124 гектарға дейін ұлғайту межеленіп отыр. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін ағын сумен толық қамту үшін «Қарақуыс» және «Ақбастау» су тоғандарын іске қосу көзделуде», — деді Бұхарбай Парманов.

Айта кетерлігі, аймақтағы жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылы 88 млрд 467,4 мың теңгені құраса, өнеркәсіп саласында 25 млрд. 219 млн.  теңгенің өнімі өндірілген.

Жалпы ілгерілеу бар, тиянақтау әлі де қажет. Десек те, ақсаңдау жоқтың қасы. Басқаша болуы да мүмкін емес сияқты…

Әсет Әссанди

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу