Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ШАБАНДОЗДАРҒА ДА ШАПАЛАҚ ҰРЫП ҚАЙТТЫҚ 

ШАБАНДОЗДАРҒА ДА ШАПАЛАҚ ҰРЫП ҚАЙТТЫҚ 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ордабасы ауданына табан тіреген «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі аудандық орталық ипподромда жалғасты.

 Онда елге есімі белгілі шабандоз ақсақал Салыбек Сағынбекұлын еске алуға арналған аударыспақ, көкпар сынды ұлттық ат спорт ойындары ойналды.

Бұдан бөлек, фестиваль қонақтары Қажымұқан кесенесінде қазақ балуанының рухына құран бағыштап, өзі тұрған шаңырағына бас сұқты. Бүгінгі таңда қазақ даласының батыры, күш атасы атанған Қажымұқан Мұнайтпасұлының үйінде шөбере інісі Қуанышбек Ескермес тұрады. Даңқты балуанның қолданған дүниелері мен спорттық заттары арнайы бөлмеде мұражайға айналған.
Айтулы шараға қатысушылар Қажымұқан Мұнайтпасұлы атындағы облыстық спорт мұражайы мен аудандық өлкетану музейіне де саяхаттап, құнды жәдігерлермен танысты.

Әсет Әссанди

Азат Дидарбек -тің фоторепортажы

 

Пікір жазу