Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛКІБАС… ҚЫЗҒАЛДАҚ… ФЕСТИВАЛЬ!..

ТҮЛКІБАС… ҚЫЗҒАЛДАҚ… ФЕСТИВАЛЬ!..

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өз алауын жақты. Қызғалдақтың төріне айналған қасиетті Түркібасы жері бүкіл республика өкілдерін, қала берсе шетелдік қонақтарын құшақ жая қарсы алды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп отыр.


Фестивальдің ашылу салтанаты ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевтың құттықтау сөзінен кейін концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, «Шұрайлым – Шұбайқызылым» жас қаламгерлер байқауының жеңімпаздарын марапаттауына ұласты. Сонымен бірге келушілер қылқалам және фото суретшілердің көрмесі мен мемлекеттік табиғи парктер шеруін тамашалап, «Шұбайқызыл» шоқысына саяхат жасады.

Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаңарған шақта 20 гектар жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. Тарихта бұл жерді «Красная горка», кейіннен «Қызыл төбешік» деп атаса, қарымды қаламгер М.Байғұт бастамасымен «Шұбайқызыл шоқысы» атауы қайта берілді.Бүгін аталған төбеге «Қызғалдақ» белгісі орнатылды.


Ол жердегі тән-тамашаны өз көзімен барып көргендер ғана сезіне алады. Жер жаннаты – Түркібасының ыстық сәлемі бүкіл адамзатқа жеткендей күй кешкеніміз де жасырын емес…

 

Азат Дидарбек -тің фоторепортажы

Пікір жазу