Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР-4

КӨНЕ БОЛСА ДА, ЖАҢАРЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН ОТЫРАР-4

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тауып, жұмысын дөңгелетіп отырған кәсіпкерлік нысанның бірі – «Ағысай» тігін шеберханасы. Шеберхана иесі Ержан Құлтаев «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 7 миллион теңге несие алып, «Ағысай» тігін шеберханасының жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда шеберханада 4 адам жұмыс істейді.

Отырар ауданында 26 мектепке дейінгі мекеме бар болса, одан басқа мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 6 балабақша жұмыс атқарып, балаларға тәлім-тәрбие беруде. Соның бірі, жеке кәсіпкер Ләззат Келдібекқызы Жабатаеваның демеушілігімен салынған 100 орындық «Келдібек ата» бөбекжай-балабақшасы. Аталған балабақшада 23 адам жұмыспен жұмыс істейді.

Ауданда «Үйде әлеуметтік қызмет көрсету» мекемесі жанынан «Күндізгі қатынау бөлмесі» ашылған болатын. Қазіргі таңда үйде арнаулы әлеуметтік қызметінен 22 бала осы күндізгі қатынау бөлмелеріне ауыстырылған. Бөлмелер жұмсақ төсек-орындарымен және басқа да керекті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу