Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАНДЫ ТЕРБЕТЕ ТҮСКЕН ТӘЖЕКЕҢ…

ТҮРКІСТАНДЫ ТЕРБЕТЕ ТҮСКЕН ТӘЖЕКЕҢ…

Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 19648,9 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,0 пайызға артты.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2016 жж. жалпы құны 4722,2 млрд. теңгеге 19 жоба енгізілді.


Қаланың ауыл шаруашылығы саласында 4020,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,9 пайызға орындалды.
Оның ішінде мал шаруашылығы 4007,8 млн. теңгені құрап, 103,9 пайыз болса, егін шаруашылығы 12,3 млн. теңгені құрап 100 пайыз орындалды. Есепті кезеңде 293,4 гектар жерді жаңадан айналымға қосып, жылдық тапсырма (900 га) 32,6 %-ға орындалды.
Білім беру саласына қала бюджетінің 68,7 пайызы немесе 4016,8 млн. теңге қаржы бағытталды.
Түркістан қаласындағы Бекзат шағын ауданындағы индустриалды аймақта жобалық құны 11028,1 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылмақ.

Сондай-ақ, сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алыныпты. Орталықтың құрылысына 237 млн. теңге бөлінген. Онда жобалық құны 4792 млн. теңгені құрайтын 10 жобаны орналастыру жоспарланып отыр
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлімдеді.

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу