Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОТЫРАР МУЗЕЙІ «МУЗЕЙ ТҮНІН» ӨТКІЗЕДІ

ОТЫРАР МУЗЕЙІ «МУЗЕЙ ТҮНІН» ӨТКІЗЕДІ

Тарихтан сыр шертетін сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музейлер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырғалы отыр.
18-мамыр күні Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары Халықаралық музей күніне орай «Ашық есік күні» және «Музей түні» акциясына қатыса алады. Осы күні Отырар мемлекеттік археологиялық қорық – музейінде сағат 09:00-22:00 аралығында қонақтар үшін «КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР» атты тақырыптық-экспозициялық жоспары негізінде жасалынған Қазақ тарихымен, мәдениетімен таныстыратын барлық залдарға тегін экскурсия ұйымдастырылады. Сондай-ақ, адам өмірінде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсіндіру, музей құндылықтарына деген халықтың ықыласын арттыру мақсатында «Музей — халық қазынасы» тақырыбында тарихи – танымдық кеш өтеді.
«Музей- халық қазынасы» тарихи — танымдық кеш 18-мамыр күні сағат 20:00 де басталады.

Пікір жазу