Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Созақ ауданы, Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды

Созақ ауданы, Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды

9 мамыр Жеңіс мерекесі күні Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатынаСозақ ауданынныі әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты.

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Салыхан Сабырұлы: «Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ұлт саулығын қамтамасыз етеді деген болатын. Бұл нысанда ауыл тұрғындарының жаппай спортпен айланысуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі Елбасы Жолдауын іске асыру бағытында атқарылып жатқан шаралар»,- деді. Өз кезегінде Николя Дюбек тұрғындарды жаппай спортпен айналысуға шақырып, мерекемен құттықтады.


Айта кету керек мамыр айының соңында Құмкент ауылынан тағы да 200 орындық зәулім спорт ғимараты ашылады. Жалпы Созақ ауданында 2017 жылы 6 спорт нысаны пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында барлығы 10 футбол алаң ашылады.

Пікір жазу