Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОҚО ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕАТРДЫҢ ӨНЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

ОҚО ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕАТРДЫҢ ӨНЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының театрларында Өзбекстан елінің өнер майталмандары өз өнерлерін паш етті. Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының әртістері өңіріміздің тұрғындары үшін 10-14 мамыр күндері аралығында түрлі жанрдағы қойылымдарды ұсынбақ.

Оңтүстік Қазақстандағы мәдени күндерінің шымылдығын өзбекстандық өнер ұжымы Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын сахналаумен бастады.

Қос елдің мәдени байланысын нығайтуға арналған шараның ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков көрші елден келген қонақтарға қош келдіңіздер дей отырып, облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың арнайы  құттықтауын жеткізіп, ізгі ниетін білдірді.

Ал Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры Фатхулла Масудов екі ел арасындағы байланыс пен мәдени қарым-қатынастың беріктігін сөз етіп, Оңтүстік Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет үшін алғысын білдірді.

Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясы 12 мамыр күні сағат 16:00-де  Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық мәдениет үйінде,  13 мамыр күні сағат 16:00-де Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында сахналанады.

Пікір жазу