Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалінің екінші іріктеу кезеңі мәресіне жетті.


Аудандық өнер додасының мақсаты- жергілікті мәдениет мекемелерінің жұмыстарын насихаттау, келешек ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу, ел ішіндегі талант иелерін анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету , жастар арасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын кеңінен дәріптеу болып табылады.
Осы орайда, аталған өнер фестиваліне аудандағы 13 ауылдық округтен 500-ге жуық өнерпаз қатысып, бақ сынады.


» Өнердің 15 жанрын қамтыған сайыста көрермендердің қошеметіне бөленген өнерпаз жастардың көптігі көңіл қуантып, өнердің өшпес өнеге, ұрпақтан — ұрпаққа берілер қастерлі дүние екендігін көрсетті. Байқауда қазылар алқасының шешімімен 220 өнерпаз іріктеліп ақтық кезеңге жолдама алды. Ал, ақтық кезең 25 мамыр күні ауданық Мәдениет сарайында жалғасын табады»-дейді, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елтай Үмбет.

Пікір жазу