Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ШЫМКЕНТТІҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР

ШЫМКЕНТТІҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР

Шымкент қаласындағы Бекет батыр көшесінен отбасымен демалатын алғашқы «Арбат» ел игілігіне берілді. Жаңа демалыс аймағының ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, қала әкімі Нұрлан Сауранбаев пен облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары қатысты.
Шымкенттік Арбаттың ұзындығы бір шақырым шамасында.


Сондай-ақ, облыс басшысы Жансейіт Түймебаев облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттарына «Ескі қаланы жаңғырту» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды. Онда әкім «Қошқар ата» өзені жағалауының енінен 10 метр, ұзындығы 1200 метр жер халық серуендейтін демалыс орнына айналатынын атап өтті.


Сонымен қатар, халық қалаулыларына Қошқар ата өзенінің жағалауында бой көтеретін «Қошқар ата» тұрғын үй кешенінің макеті таныстырылды. Жаңадан салынатын тұрғын үй кешенінің құрылысы үш кезеңнен жүргізіледі. Жоба толығымен жүзеге асса, 208 мың шаршы метрді құрайтын, 3976 пәтерлі 61 көп қабатты тұрғын үй ел игілігіне тапсырылатын болады.

Азат Дидарбектің фоторепортажы

(Ә.Ә.)

Пікір жазу