Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚҰТТЫБЕКТІҢ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАРЫ

ҚҰТТЫБЕКТІҢ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАРЫ

Түркістан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәлімдеуінше, Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы аумағы — 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019  жылы пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырысы бойынша 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 миллиард теңге қаралған.
172 нысанның жыл соңына дейін 71-ін пайдалануға тапсыру жоспарда болса, бүгінгі таңда 11 нысанның (білім-5, тұрғын үй-4, мәдениет-2) құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Қалған 101 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттен құрылысы жоспарланған 16 мектептің 2017 жылдан өтпелі 12 мектепті пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі таңда 1 нысан пайдалануға берілген. Қалған 4 нысанның құрылысы 2019 жылы аяқталады.
Ал, облыстық бюджеттен қаралған 11,5 млрд. теңгеге 67 нысан құрылысын жүргізіп, оның ішінде 28 нысанды пайдалануға беру жоспарланып, бүгінгі таңда 4 нысан пайдалануға берілген.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу