Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж.Қ.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде бастаған.

1984-2018 жылдары ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтаарал ауданы ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтаарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының әкімі лауазымында қызмет етіп келді.

Жаңа қызметіне сәттілік тілейміз!..

(Ә.Ә.)

Пікір жазу