Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Шымкентке «Нұр отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев іс-сапармен келді. Мәулен Сағатханұлы алдымен «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында ашылған «Отырар» кітапханасындағы коворкинг орталығына барды. Одан кейін Шымкентте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде іске қосылған  №37 «Айгерім» балабақшасының жұмысымен танысты.

Бұдан кейін Мәулен Әшімбаев «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс XXXIV конференциясына арнайы қатысты. Конференцияда партия қызметін жаңғырту, Елбасы айқындап берген басым бағыттарды жүзеге асыру және Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жан-жақты талқыланды. Нақты тапсырмалар беріліп, алдағы жұмыс бағыты пысықталды.

Қалалық партия филиалының кезектен тыс конференциясында шаһар басшысы Ғабидолла Әбідрахымов қалалық партия филиалының төрағасы болып сайланды.

Осы уақытқа даейін қалалық партияның 12 жыл төрағасы болған Өмірзақ Пердебекұлы Мелдехановқа алғыс білдірді.

Пікір жазу