Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛДЫҢ МЫҚТЫ МЕЖЕЛЕРІ 

МАҚТАРАЛДЫҢ МЫҚТЫ МЕЖЕЛЕРІ 

Мақтарал ауданының индустриалды аймағында 6 жоба іске асырылып, 380 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп жоспарлануда.
Биыл аудандағы өнеркәсіп өнімін 13666,4 миллион теңгеге жеткізу межеленіп отыр.


Қазіргі таңда ауданның индустриалды аймағынан жер бөлініп, құрылысы басталған «Soldatos» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытын салуға 300 млн. теңге жұмсалатын болады. Жоба бойынша 30 адам жұмыспен қамтылып, сағатына 300 тонна асфальт-бетон өнімдері өндірілетін болады. Сондай-ақ, «Раджапов» жеке кәсіпкерлігінің «Полиэтилен өнімдерінің өндірісі» жобасының құрылысы ағымдағы жылдың маусым айында басталады деп күтілуде. Жобаның құрылысына 200 миллион теңге жұмсалып, жаңадан 36 жұмыс орны ашылады.


Ағымдағы жылы іске қосылатын 6 инвестициялық жобаның және басқада жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың есебінен жыл аяғына дейін аудандағы өнеркәсіп өнім көлемі 13,7 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған.
Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мақтарал ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.

Азат Дидарбектің фоторепортажы

(Ә.Ә.)

Пікір жазу