Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ ТҮСПЕК…

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДАМИ ТҮСПЕК…

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан – Өзбекстан бизнес форумы аясында Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов пен Өзбекстан Республикасының сыртқы сауда министрінің орынбасары Сохиб Сайфназаров бастаған делегацияны қабылдады.


Өзбек делегациясымен болған екі жақты кездесуде сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен жүйелі жұмыстарды атқару жайы қарастырылды.

Өз кезінде Өзбекстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Адхам Икрамов бүгінгі өтіп жатқан іскерлік  жиында ОҚО кәсіпкерлері мен өзбекстандық бизнесмендер арасында сауда-экономикалық байланыс нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

Өзбекстан — Орталық Азиядағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі. 2018 жылдың бірінші тоқсанында елдер арасындағы сыртқы сауда айналым өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артқан. Ал жыл соңына дейін екіжақты сауданың көлемін 3 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру жоспарлануда. Сөз соңында облыс әкімі өзбек компанияларының Оңтүстік өңірінде бизнесті дамыту бойынша бастамаларына толық қолдау көрсетуге әзір екендігін айтты.

Сөз соңында облыс басшысы өзбек компанияларының Оңтүстік өңірінде бизнесті дамыту бойынша бастамаларына толық қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу