Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

ҚАЗАҚСТАН – ӨЗБЕКСТАН БИЗНЕС-ФОРУМЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында 62 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 8 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, ОҚО әкімдігі өзбекстандық «Alliance textile» кәсіпорнымен Оңтүстіктегі тоқыма өнеркәсібіне инвестиция салу бойынша, ал «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы тоқыма кәсіпорындарын оңалту үшін «Оңтүстік» АЭА-ғы  көрші елдің «Казтехинпекс» ЖШС-мен, сонымен бірге медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған зауыт құрылысын салу бойынша облыс әкімдігі мен өзбекстандық «Дентафиль плюс» компаниясы арасында меморандум түзілді.

 Сонымен бірге Шымкент қаласындағы барша  жасыл технология саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша Шымкент қаласы әкімдігі мен «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында серіктестік туралы келісімге қол қойды. Бұдан бөлек, екі елдің 8 кәсіпкерлері арасында экспортқа арналған өнімдерді жеткізу туралы шарт жасалды.

Айта кетейік, бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында іскерлік қарым-қатынасты дамыту мақсатында Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумы өткен болатын. ОҚО Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен форум барысында тараптар бірлескен бизнес жобалар мен инвестициялық ұсыныстар жайында ынтымақтастықты дамытуды сөз етіп, экспорт пен импорт бойынша үшінші елдерге кіру жайын талқылады.

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу