Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮЛЕКТЕР «БІРЛІК» МОНУМЕНТІНДЕ БАС ҚОСТЫ

ТҮЛЕКТЕР «БІРЛІК» МОНУМЕНТІНДЕ БАС ҚОСТЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында үш жүздің басын қосқан Ордабасыда алғаш рет «Туған жерге тағзым!» атты мектеп бітірушілердің салтанатты жиыны өтті. Аталған шара түркі тілдес үш елдің, яғни Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасының Президенттері басшыларының бас қосқандарына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.


Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» ОҚОФ бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, өңірдегі ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, 12 Жоғарғы оқу орнының басшылары, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер, жалпы саны 1 мыңнан астам адам қатысты.


Шара барысында аймақ басшысы мектепті үздік бітірген және республикалық олимпиадалар мен байқауларда өңіріміздің намысын абыроймен қорғаған үздік 10 оқушыны марапаттап, бағалы сыйлықтар тарту етті.


Жас ұрпақтың туған елге деген патриоттық сезімін арттырып, рухани сананы жаңғыртуға бағытталған мектеп бітірушілерінің салтанатты шарасы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ардагерлердің ақ батасымен қорытындыланды.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу