Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» VII ХАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» VII ХАЛЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында Отырар аудандық Мәдениет сарайында «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалі өтуде.


Фестивальде отырарлық таланттар 15 жанр бойынша өнерлерін ортаға салуда.
Алғашқы іріктеу кезеңіне 500-ден аса өнерпаз қатысса, ақтық кезеңде 200-ге жуық өнерпаз бақ сынауда.
Ауданның дәстүрге айналған төл шарасынан қаншама өнер тарландары түлеп ұшып, республикаға танымал жұлдыздарға айналғаны белгілі.


Қорытынды гала-концертте елімізге белгілі өнер жұлдыздары Астана Халықаралық талант өнер орталығының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор, профессор Марат Омаров, облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармония әншісі Айнұр Нурашова, актриса, «Жұлдызай» театрының директоры Жұлдызай Дүйсенбиева, Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің әншісі, бірнеше республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері Мархаббат Бейсенова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты Азамат Жылтыркөзовтер өнер көрсетеді.

Пікір жазу