Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ ТАУСЫЛАР ЕМЕС

ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ ТАУСЫЛАР ЕМЕС

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай Отырар ауданында «Отырар таланттары – 2018» VII халық өнер фестивалі өтті. Бұл фестивальде ауданның 15 ауыл округінен 15 жанр бойынша өнерлері мен туындыларын ортаға салуға 200-ге жуық іріктеліп шыққан өнерпаз қатысты.  
Фестивальдің мәні мен маңыздылығына тоқталған аудан әкімі Ерлан Айтаханов өнерпаздарға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Марат Омаров төрағалық еткен қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі Айнұр Нұрашова, талантты актриса Жұлдызай Дүйсенбиева, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Мархабат Бейсенова мен «Дарын» мемлекетті жастар сыйлығының және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» сыйлығының лауреаты Азамат Жылтыркөзов болды.


Фестиваль нәтижесінде жеңімпаздар арнайы дайындалған дипломдар мен қаржылай сый-сияпаттарға ие болды. Сондай-ақ, ауданда өткізілген «Онжылдықтар тоғысында» акциясында өз үлестерін қосқан бір топ азамат аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Фестиваль соңы республикаға танымал өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу