Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » БЕРІК БЕКЖАНОВТЫҢ БРИФИНГІ

БЕРІК БЕКЖАНОВТЫҢ БРИФИНГІ

Оңтүстік Қазақстан облысында 221752 адам – 2161 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшесі. Бүгінгі таңда 2 миллионнан астам мүшесі бар 18 салалық кәсіпқой одақтар біріккен Қазақстанның кәсіподақтар Федерациясы республикада ең саны көп ұйым болып саналады.

1 маусымнан қыркүйек айына дейін ОҚО кәсіподағының оқыту орталығында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында бірінші бағыт бойынша екі жүзге жуық жұмыссыз азаматтар тоқымашы, аспаз, жүргізуші, жиһаз құрастырушы секілді 8 түрлі мамандыққа тегін оқытылады.

Облыс бойынша 2017 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында 12159 адам оқуға жіберілген. 2018 жылы 7200 адам оқумен қамтылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, өңірдегі кәсіподақ бірлестігі облыстық сотпен әріптестікті жалғастыратын болады. Бұл тұрғыда жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мақсатында аумақтық кәсіподақ орталығында іс-шаралар жоспары түзілген. Оның бірінші бағыты бойынша татуластыру қызметтері орталығын құрып, еңбек дауларын сотқа дейін шешу болмақ.

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде «ОҚО Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов мәлімдеді.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу