Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ДҰРЫС ТАҢДАУ

ДҰРЫС ТАҢДАУ

Бүгін Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев және делегаттар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияда партия жұмысын жаңғырту, қоғаммен байланысты күшейту, ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру жұмыстарына қоғамдық бақылауды күшейту жолдары талқыланды.  Жиында Мәулен Әшімбаев жаңадан құрылған Түркістан облысының болашағы жарқын болатынына сенім білдірді. Түркістанның қазақ тарихындағы маңызына тоқталды. Партия филиалы осы шаһарды дамытып, ірі орталыққа айналдыруға күш салу керектігін жеткізді.

Конференция делегаттарының бірауыздан қолдауымен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып сайланды. Мәулен Әшімбаев облыс әкімінің бұл қызметті де абыроймен атқаратынына сенім білдіріп, төрағалық куәлігін салтанатты түрде тапсырды.

Өзіне артылған сенімді ақтауға уәде берген Жансейіт Түймебаев өңірді дамыту бағытында бар күш-жігері мен тәжірибесін жұмсайтынын айтты.

Пікір жазу