Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖҰМЫСҚА КЕЛІҢІЗДЕР!

ЖҰМЫСҚА КЕЛІҢІЗДЕР!

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс деңгейінде ОҚО әкімдігімен бірлесе ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, облыстың жергілікті және аумақтық атқарушы органдарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасу тәртібін жан-жақты түсіндіру, облыстағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында бос лауазымдар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге алпысқа жуық мемлекеттік органдар қатысты.

 «Бос лауазымдар жәрмеңкесіне» облысымыздағы жоғарғы және орта оқу орындарының бітіруші түлектері, жасөспірімдер үйінің жастары және жұмыссыздық бойынша тіркеуде тұрған жоғары білімді азаматтар шақыртылған.

Қазіргі таңда, облыста барлығы 575 мемлекеттік органда 8769 мемлекеттік лауазым бар. Аталмыш лауазымдарда 8412 мемлекеттік қызметші қызмет атқарса, 357 (4%) бос лауазым бар.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі және облысымыздағы бос лауазымдар туралы толық ақпаратпен www.kyzmet.gov.kz сілтемесі арқылы танысуға болады.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу