Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТҮЙМЕБАЕВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТҮЙМЕБАЕВ

Түркістан облысының жаңа әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, Елбасының тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады.

Ең алдымен облыс басшысы Көксәйек ауылдық округіндегі «Гала», «Голден делишес», «Айдаред», «Ред делишес» атты алма сұрыптарының 87500 түп ағашы бар, Озықбай Абзал Мейрамбекұлы басқарып отырған «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты.

Ары қарай облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан жеке кәсіпкер С.Танабаевтың жүзім шаруашылығында болды. Кәсіпкер 2016 жылы жаңа технологиямен 10 гектарға жүзім еккен. Ал, 2017 жылы қосымша 10 гектар жерге 16 мың түп көшет отырғызған. Шаруашылыққа қарасты 20 гектарға жалпы саны 32 мың түп «Таифи-Розовый» жүзімі егілген. Бетон тіреуіштер орнатып, тамшылатып суару жүйесін пайдаланған. Жобаның жалпы инвестициялық құны – 50 млн. теңге. Бұл қаржының тең жартысын «Даму» бағдарламасы аясында «Оңтүстік» аймақтық инвестиция орталығы бөлген.

Мұнан соң Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елді мекенінде орналасқан отырықшы мәдениеттің орталығы болған «Есімхан төбе» (Дәуіттөбе қалашығы) тарихи орнына келді. Көне қалашық туралы деректер Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтында бар. Тарихи орын ХIV-XVIII ғғ. салынған деп болжайды ғалымдар.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу