Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАС ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ

ЖАС ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ

Облыстық жастар ресурстық орталығында облысымыздағы талантты үздік жас қолөнер, суретші, мүсінші, зергер, сәулетші, дизайнерлерді облыс деңгейінде танымалдығын арттыру, жастар арасында өнерді кеңінен насихаттау, еңбекке деген шығармашылық қызығушылығын артту мақсатында Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Ontustik ART fest» жас суретшілер мен мүсіншілер, сәулетшілердің облыстық байқауы өтті.

Еркін тақырыптағы «Үй тапсырмасы» мен Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған өнері сынды ІІ кезеңнен тұрған байқауға 14 пен 28 жас аралығындағы 100 жас қатысты. Шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр және Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.

 

(Ә.Ә.)

Азат Дидарбектің фоторепортажы

Пікір жазу