Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТІ

ҚАСИЕТТІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҢ ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТІ

Маусым айының соңына қарай өңіріміздің барлық аймақтарында тілшілерімізге құрмет көрсетілді.  Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев 28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Түркістан облысындағы қаламы жүйрік журналистерді қабылдап, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, аудан халқы атынан алғысын білдіріп, сый-құрметін көрсетті.

Осы мерекемен тұспа-тұс келе жатқан Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арналып шығарылған «Қазығұрт ауданына – 90 жыл» мерекелік медалін де алғаш сол жерде көрсетіп, бірқатар журналистердің омырауына тақты.
Қасиетті Қазығұртта алған марапаттарымыз бәрімізге құтты, алмағандарға жұғысты болсын! Мерекеміз баянды болсын, бауырлар!..

Жиын соңында облыс журналистерінің атынан Қазығұрт ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Сапарбек Калботаевтың асқаралы алпысқа толуына орай, құрмет көрсетіліп, «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді.

 

(Ә.Ә.)

Аят Әсетұлының фоторепортажы

Пікір жазу