Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ЖҮЙЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. 2018 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның аясында 75,61 шақырым желілерді жаңартып, темір-бетонды бағанаға алмастыру және 6 жаңа трансформаторды орнату жоспарланған, деп жазады Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінде аталған ауданда ұзындығы – 31,2  шақырым желі жаңартылып, темір-бетонды бағаналарға алмастырылған. Сонымен қатар,  төрт трансформатор құрылғысы жаңартылды. Бұл жұмыстар Төлеби ауданды əкімдігімен «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-гі бірлесе атқарып отыр.

Жалпы аудандағы электр жүйелерінің  ұзындығы — 1342,8 шақырымды құраса, оның 828,3 шақырымы қанағаттанарлық  жағдайда.

Бұдан бөлек, аудан халқын сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 11 жобаның  ЖСҚ-сы әзірленуде.

Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асқан уақытта Ленгер қаласы және 10 ауылдық округке қарасты 32 елді мекендегі 67 көшенің, яғни 10 240 тұрғын сапалы электр энергиясымен қамтылатын болады.

Пікір жазу