Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Қазақ күресінде бір сиқыр бар, білесің бе?

Қазақ күресінде бір сиқыр бар, білесің бе?

Қазақ күресінен “Оңтүс­тік Қазақстан” облыстық қо­ғамдық-саяси газетінің жүл­­десі үшін өткізілетін дәс­түрлі турнир тау тұлғалар тұрағы Темір­лан­да, Қажымұқан атын­дағы орталық стадион­­да мәресіне жақындады.
Салмақ дә­режелері бойынша жарыс жеңім­паз­дары мен жүл­де­герлері басы­лым, облыстық дене шы­нық­тыру және спорт бас­қармасы, аудан әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтармен, тиісті дип­лом­­дармен марапат­талатын сәт те жетті. Түйе балуанға аудан әкімі тағайындаған жеңіл авто­көлік сыйға тартылады. Ол кімге бұйырар екен?

Дәстүрге айналған бұл турнир 1958 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2009 жылдан бері аудандарда өтіп жүр. Биыл 55-рет өтіп жатқан турнир Ордабасы ауданының, келесі жылы Түлкібас ауданының кілемдеріне балуандарды шақырады. «Оңтүстік Қазақстан» газетінің ұжымы мен Ордабасы ауданының әкімдігі, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған турнир тартысты өтіп жатқанын көріп отырмыз.

PS. Қазақ күресі тарихында тұңғыш рет жалпы командалық есеп бойынша 1-ші орынды Ордабасы ауданының командасы иеленді. Түйе балуан атағын да – Ордабасы ауданының тумасы, «Ғимарат құрылыс» командасының намысын қорғаған Әділжан Ыстыбаев жеңіп алды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу