Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Жас генийлер жарысы

Жас генийлер жарысы

«Шырайлы Шымкент қаласында бізбен бірге жеңімпаз атан» атты менталды арифметика бойынша жазғы турнир өтті. Аталмыш шараны «Юсимас-Қазақстан» және «Алиар-Юсимас» Халықаралық интелектуалды даму академиясы ұйымдастырған болатын. Іс-шара елордамыз Астананың 20-жылдығы, сондай-ақ, Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алуына арналды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған сайысқа екі жүзге жуық жүйрік оқушы қатысып, үш күнге жоспарланған шарада жас генийлер жылдамдық есебінде емтихан тапсырады.


Шымкентте өтіп жатқан жазғы турнирге Испания, Индонезия, Малайзия, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі және көптеген басқа елдерден жүлделі орын алған «UCMAS» студенттері қатысуда. Сонымен қатар, жазғы турнирдің қонағы ретінде Ильяс Тохтарханов – калькулятор бала, ең ақылды бала ретінде Ресейдің Гиннес рекордтар кітабына енген, «Ұлт алтыны», «Ғажайып адамдар» бағдарламасының жүлдегері арнайы шақыртылған. Сондац-ақ, аталмыш турнир 3 күндік бағдарламадан тұрады. 1-ші күні жас гениилер 4 тур бойынша жарысып, үздігі анықталса, 2-күні еліміздің әр аймағынан жиналған балалар облыс, қала аймағындағы тарихи орындармен танысады. Ал, 3-күні балаларға арналған ойын-сауық кештері өткізілетін болады.

Пікір жазу