Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жетісайда республикалық бірыңғай медиация күні аталып өтті

Жетісайда республикалық бірыңғай медиация күні аталып өтті

Жетісай ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданған күніне орайластырып, «Республикалық бірыңғай медиация күнін» атап өтті.

Акцияға, аудан әкімінің орынбасары М.Жолдасбеков, ауданымыздағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, заң органдары, аудандық «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», аудандық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері, БАҚ-тың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Айта кетсек, медиация институтының дамуы — қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы.
Азаматтардың кез-келген жанжалды шешу барысындағы ымыраға келуге дайындығы азаматтық жетілу мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады, қоғамның құқықтық мәдениетін дамыту деңгейін көтереді, Қазақстанның қоғамдық тұрақтылығы мен барлық әлеуметтік құрылымының беріктігін қамтамасыз етеді.

Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың, қоғамда прагматизмді қалыптастырудың, білім культінің, бәсекеге қабілеттіліктің, Қазақстанның эволюциялық дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық медиацияның дамуына қатысуы туралы тапсырмасы Қазақстан халқының бірлігін нығайту бойынша жаңа қадам болып табылады.

Шара барысында кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық келеңсіз жағдайларды тіркеуке алып, түйткілді мәселелерінің шешімін табуға ат салысты.

Пікір жазу