Басты бет » ОҚО жаңалықтары » Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік заң көмегін көрсету институты енгізілген

Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін әлеуметтік заң көмегін көрсету институты енгізілген

Елімізде 2018 жылдың 22 шілдеcінен бастап, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» жаңа Заң жұмыс істей бастады. Мемлекет басшысы мақұлдаған Заңның мақсаты – адвокаттық қызметті және заң көмегін көрсетуді кешенді түрде жетелдіру. Бұл туралы бүгін Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді.
Оның сөзінше, заң көмегін көрсететін адвокаттар, заң кеңесшілер, мемлекеттік органдардың қызметтерін қамтитын Заң, енді «Адвокаттық қызмет туралы» және «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» қос бірдей Заңның орнында қолданыста болады.
Одан бөлек, жаңа Заң аясында халықты ақпараттандыру мақсатында заң көмегінің орташа құны анықтау қарастырылады. 2020 жылдан бастап сапасыз заң көмегі көрсетілген жағдайда азаматтардың шығыстарын сақтандыру арқылы өтеу жоспарлануда. Сондай-ақ, Адвокаттар алқасына кіру үшін кіру жарналарын төлеуді алып тастау арқылы мүліктік кедергіні жою қамтамасыз етілді. Адвокаттардың аттестациялау және кәсіби біліктілігін арттыру механизмі қайта қарастырылған. Сонымен қатар, адвокаттар алқаларының басқару органдарында болу мерзімдеріне шектеулер бекітілді. 2019 жылдан бастап адвокаттық ордерді алып тастау көзделген.
Айта кетейік, мамандардың сөзінше аталған Заң әлемнің дамыған елдеріндегі құқық қорғау саласының тәжірибесіне сүйеніп жасалған.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*