Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі оң нәтиже беруде

«Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі оң нәтиже беруде

Шымкенттегі 128 мектептің барлығында «Күнделік» электронды журналы мен күнделік жүйесі енгізілген. Соның нәтижесінде қаладағы оқушылар арасындағы тәртіп бұзушылық деңгейі 75%-ға азайды.

Мобильді қосымшаны енгізу «мектеп – ата-ана – оқушы» байланысын түзіп, ата-аналардың бақылауын күшейтуге, олардың сабақ процесіне белсене араласуына мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде оқушылардың мектепке себепсіз келмеуі мен сабаққа себепсіз қатыспауы 10 есе азайды,балалар арасындағы құқық бұзушылық 75%-ға, жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық 12%-ға кеміді, оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарды.

Білім беру саласын цифрландырудың тағы бір жобасы – мұғалімдерді автоматты түрде қабылдау жүйесі. Егер бұған дейін педагогикалық лауазымдардан үміткерлер (педагогикалық жоғарғы оқу орындарының түлектерін қоса алғанда) әр мектептегі бос орынды бөлек іздеп келсе, бұл жүйені енгізудің нәтижесінде олар веб-сайтқа онлайн-өтініш беріп қана қоймай, ашық конкурстан өту мүмкіндігіне ие болды. Соның нәтижесінде арыз-шағымдар 90%-ға кеміді, педагогикалық құрамның сапасы жақсарды, сыбайластық тәуекелдер азайды.

Пікір жазу