Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ӘН БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналған Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтуде.


Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап кәсіби бағдар беру, жеке шығармашыл тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету, әншілердің орындау шеберліктерін арттыра отырып оларға қолдау көрсету және отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу болып табылады.
Өнер бәйгесіне 15 — 29 жас аралығындағы үміткерлер қатысуда.
Байқаудың бірінші кезеңінде үміткерлер Ш.Қалдаяқовтың бір әнін орындаса, екінші кезеңінде Түркістан облысы композиторларының әндерін шырқауы тиіс.


Сырлы әнмен қазақ халқының бітім-болмысын, шынайы бейнесін сипаттап, ән әлемінде айрықша орнын қалдырған ұлы композитор атын ұлықтайтын дәстүрлі өнер додасының аудан, қалада өткен бірінші кезеңіне 200-ге жуық үміткер өтініш білдіріп, оның ішінен 56 үміткер облыстық іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.
Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әндері бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген аса көректі сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманның қазақ эстрадасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқов ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын, соңғы леп ала келген сазгер. Елге, жерге, Отан мен ата-анаға деген сүйіспеншілік композитор шығармаларының басты тақырыбы болса, соның ішінде, «Менің елім», «Ана туралы жыр», «Бақыт құшағында», «Теріскей», «Арыс жағасында», «Отырардағы той», «Өмір-өзен» сынды көптеген әндері халықтың жаттанды өмір жырына айналған.

 

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу