Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Қаламгерлердің ынтымағы жарасымды болса, қоғамдық пікір де дұрыс бағытта қалыптасып, дамиды. Демек, ауызбіршілік пен елдік мүдде журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларының басты қағидатына айналуы керек. Бұл туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің қоғамды біріктірудегі рөлі» атты облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді.


Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері қатысып, бүгінгі журналистиканың жай-күйін жан-жақты саралады.

Өз кезегінде Ұ.Сәдібекұлы соңғы жылдары мобильді интернет қолданушыларының саны күрт өскенін, бұл бір жағынан ашықтық пен жариялықтың орнауына жол ашса, екінші кезекте жалған ақпарат тарату арқылы елдің ынтымағына сызат түсіріп, қоғамдық дау тудырып жатқаны жан ауыртатынын айтты.

Сонымен қатар, ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын ел ішіне іріткі салудан аулақ болып, халықты біріктіруге бастайтын үндеу жариялады. Онда журналистика саласының мамандарын дәлелденбеген, жалған ақапараттарды таратпауға, жеке адамның қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, этносаралық және конфессияаралық келісімді бұзатын, зорлық-зобылықты, лаңкестік пен экстремизмді, рушылдықты қоздыратын ақпараттарды жарияламауға шақырамын делінген.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу