Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АГРОӨНЕРКӘСІП: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР

АГРОӨНЕРКӘСІП: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан облысына жұмыс сапары барысында облыс орталығы – Түркістан қаласында өңірдегі Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамыту бағдарламасының және инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын талқылауға арналған семинар-кеңес өтті.


Жалпы Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттерді, бірінші кезекте Аграрлық-өнеркәсіптік кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған.

Жұмыс барысында кеңеске қатысушылар Түркістан қаласында салынып жатқан түйе және бие сүтін өңдейтін «Golden Camel» ЖШС зауытына барды. Зауыт тәулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдеуге қуатты және ағымдағы жылға қазан айында пайдалануға беріледі. Зауыт өнімі түгелдей экспортқа бағытталады. Жоба құны – 7,5 миллиард теңге. Жоба шетелдік инвестициялар есебінен іске асырылды.

Кеңес пікір алмасу және өңірдің тауар өндірушілерінің маңызды мәселелерін талқылау форматында жалғасын тапты. 

Жиынды қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев шаураларға «жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Министрлік тарапынан да түрлі жобаларды қаржыландыруға дайынбыз» дей келе ауыл шаруашылық өнімдерін шетелге экспорттау көрсеткішін жоғарылату керектігін айтты.

(Асхат Әссандидің фоторепортажы)

Пікір жазу