Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАРАТАУЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

ҚАРАТАУЛЫҚТАР «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫНА ҚАРҚЫНДЫ ДАЙЫНДАЛУДА

«Таза қала» акциясына дайындық барыстарын аудан әкімі аппараты қызметкерлері байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.
Қазіргі таңда Қаратау ауданы бойынша байқауға қатысуға ниет білдірушілер көп. Шараға қатысуға жалпы 64 көше, 80 аула өтініш білдірген. Былтырғы жылы аталған шараға қатысуға 45 көше, 40 ауладан өтініш қабылданған.

Айта кетсек, Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы қаланың әсем, әрі таза болуы үшін байқауға белсене қатысу жөнінде қала тұрғындарына үндеу арнаған болатын.

Биыл дәстүрлі түрде  алтыншы рет ұйымдастырылып отырған акцияға қатысушы аудан тұрғындарының белсенділігі жоғары.

Акция жеңімпаздары әр ауданнан І, ІІ, ІІІ орындар бойынша бағалы сыйлықтарымен және қала әкімінің дипломдарымен марапатталады. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Пікір жазу