Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Біз біргеміз!» акциясы өткізілуде

«Біз біргеміз!» акциясы өткізілуде

Әл-Фараби ауданы бойынша аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жеке меншік нысандарға еркін-кіріп шығуды қамтамасыз ету үшін «Біз біргеміз» акциясы ұйымдастырылуда. Жыл басынан 185 жекеменшіктегі нысандарға пандус орнатылды.


Сонымен қатар, жекеменшік нысандарда орнатылған пандустардың бекітілген талаптарға сай келмейтіндері бойынша алдағы уақытта талапқа сәйкестендіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,аудан аумағында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.

Айта кетерлігі, пандус орнатпаған мекеме басшылары мен жеке кәсiпкерлердің назарына тиісті заң талаптары ұсынылып отыр. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi “Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы” №235-V Кодексiнiң 83 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда: лауазымды адамдарға — 50 АЕК (106,0 мың тг.); шағын кәсiпкерлiк субьектiлерiне — 120 АЕК (254,5 мың тг.); орта кәсiпкерлiк субьектiлерiне — 200 АЕК (424,2 мың тг.); iрi кәсiпкерлiк субьектiлерiне 400 АЕК (848,4 мың тг.) мөлшерiнде айыппұл салынатыны ескертілген.

Пікір жазу