Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Ауданда көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жалғасын табуда

Ауданда көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жалғасын табуда

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі кезде абаттандырылған аулалар мен балалар ойын алаңшаларын аудан аумағынан жиі көруге болады.

Әл-Фараби аудан әкімі аппаратының хабарлауынша, аудан бойынша 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы немесе 51,2% абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. 183 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнатуды қажет етеді. Оның ішінде, 171 ауланы абаттандыру үшін сметалық құжаттама әзірленген.

Астана және Алматы қалаларының тәжірибесін негізге алып және тұрғындардың сын-ескертпелерін ескере отырып, ағымдағы жылы бүгінгі таңға дейін абаттандырылмаған 15 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандырып, суретте керсетілген элементтерін орнату жұмыстары жоспарлануда. Балалар ойын элементтері сығымдалған резенке жабыны төселген және биіктетілген алаңшаға орнатылатын болады.

Пікір жазу