Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Әл-Фараби ауданында медиация күніне орай іс-шара ұйымдастырылды

Әл-Фараби ауданында медиация күніне орай іс-шара ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратында, «Бірыңғай республикалық медиация күніне» орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша кәсіби және аудандық қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлар, аудан тұрғындары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты, дау-дамайларды сотқа дейін жеткізбей, қоғамдық келісімнің бұзылуына жол бермеуге бағытталғандықтан, әкімшілік тарапынан аудан тұрғындарының, кәсіби және қоғамдық (кәсіби емес) медиаторлардан, өздеріне қатысты азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқада құқықтық қатынастарға байланысты, сондай-ақ ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған даулардың шешімін табуға байланысты құқықтық көмектер берілетіндігі жөнінде түсіндірілді.

Айта кетейік, Қазақстанда тамыз айының 3-ші жұлдызында «Біріңғай республикалық медиация күні» өткізіледі.

 Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастар 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енген «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі. Өткен жылдардың іс тәжірибесі негізінде осы күн «Медиация күні» мәртебесін иеленді.

Пікір жазу