Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «NEONOMAD» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

«NEONOMAD» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы The ballroom «Saukele» салтанат сарайында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «NeoNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті.


Оқыту семинарына бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының басшылары қатысты.
Ойын қатысушыларына Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Евниев етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасын таныстырды.

Іс-шараның міндеті агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру болды. Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің әрқайсысына өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іскерлік ойынның форматы – кәсіпкерлер мен барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалар арасындағы қатынастардағы стереотиптер мен кедергілерді бұзудың ең жақсы құралы болып табылады.

Іскерлік ойын 6 команданың қатысумен нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өткізілді. Оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасау нақты қатысушылардың әрқайсысына белгілі бір ережелердің шеңберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді.

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу