Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШЫМКЕНТ СЕНАТОРЛАРЫН САЙЛАЙДЫ

ШЫМКЕНТ СЕНАТОРЛАРЫН САЙЛАЙДЫ

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы» Қазақстан Респуликасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Сайлау 2018 жылдың 5-қазанында өтетін болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Төменде akorda.kz ресми сайтына жарияланған Жарлықтың толық мәтіні беріліп отыр.

Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 2) тармақшасына, 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 2018 жылғы 5 қазанға  Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау тағайындалсын.
  2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Шымкент қаласының әкімі Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.
  4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті                                                                                    Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы  9 тамыз

№731

 

 

Пікір жазу