Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанның халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы Елордасы-Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға — 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Әлішеріқызының еліміздің дамуы жолында қосқан елеулі үлесі үшін берілген тарихи марапатты Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын шаңырағына барып, арнайы табыс етті.

«Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. Кеңестік кезеңнің өзінде ақын ретінде ұлттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтағансыз. Тәуелсіздік тұсындағы еңбегіңіз — бір төбе. Құрмет пен марапатқа кенде емессіз. Десек те, бүгінгі төсбелгінің орны ерекше. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын Сіз жүйелі түрде халық арасында насихаттап, жүзеге асырып келесіз. Әлі де осы игілікті ісіңізді жалғастыра беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болсын»-деп, ана кеудесіне еңбектің адал төсбелгісін таққан аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы қаншама ұлылар дүниеге келген Отырар өңірі асыл ақынымен де ерекше екенін жеткізді.

Әселхан Әлішерқызы — Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының,  Көксарай ауылында дүниеге келген. Ол «Сыр бойының сүлейі» атанған Ергөбек Құттыбайұлының немересі. Ақын ана көптеген халықаралық, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы атанған. Оның «Алладан пәрмен сұраған», «Басыңды тікпей бақ қайда?», «Әселхан әлемі», «Сырттап кеткен тамырлар» кітаптары жарық көрген. Қазіргі күнге дейін болашақ сұлу сөз сүлейлерін тәрбиелеу жолындп тынбай еңбек етіп, айтыс аламанына көптеген жас ақындарды қосып, қазақ өнерін ұрпақ баласына айрықша дәріптеумен келеді.

Пікір жазу