Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны мен мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрыш қолды құрылысшылар күніне орай Түркістан облысы, Отырар ауанында кәсіп иелеріне құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды.
Құрмет көрсету шарасына Отырар ауданының әкімі арнайы қатысып, кәсіби мереке иелерін шын жүректен құттықтады.


Құттықтау сөзінде «Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыс саласының дамуына тiкелей байланысты. Мемлекет басшысының қолдауымен Тәуелсiздiк жылдары елiмiзде құрылыс саласын дамытуға барынша жағдай жасалды. Отандық құрылыс индустриясы қанат жайып, құрылыс материалдарын шығаратын өндiрiс орындары көбейдi.
Ұлт Көшбасшысының бастамасымен елімізде қолға алынған биылғы «5 әлеуметтік бастамасындағы» «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуде құрылыс саласының өкілдеріне ауыр міндет артылып отыр.


Еліміз жыл сайын көркейіп, биік-биік үйлер, ғимараттар жыл өткен сайын бой түзеп келеді. Бұл үйлерде, бiлiм нысандарында, пайдалануға берiлген барлық нысандарда — бәрi-бәрiнде құрылысшылардың қолтаңбасы жатыр. Сондықтан құрылысшы еңбегi қашан да құрметке лайық!» деген аудан басшысы ауданымыздың құрылыс саласында елеулі еңбек сіңірген бір топ азаматтарға алғыс хат табыстады.
Басқосуда құрылыс саласының ардагерлері Әбутәліп Асанұлы, Сатқанбай Баймұса, Әбен Нысанбаевтар ауданымыздың гүлденуі жолында еңбек еткен және құрмет көрсету шарасын ұйымдастырған аудан әкімдігінің қолға алып жатқан жұмыстарына сәттілік тілеп, ризашылығын білдірді.

Пікір жазу