Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

Бейбітшілік даңғылы Шымкенттің жаңа Арбатына айналады

Бейбітшілік даңғылының бір бөлігі таяуда Шымкенттің жаңа Арбатына айналады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Үшінші мегаполистің Арбаты тек көрік  ті ғана емес, қала тұрғындарының демалуына барынша қолайлы орын болмақ. Арбаттың аумағы демалыс, шығармашылық секілді аймақтарға бөлініп, велосипедшілердің де өз жолы болады. Ал суретке түсуді ұнататын жандарға арнайы селфи-аймақ жабдықталады.

Бұл Арбатта бірегей жұлдызнама-орындықтар, жазуы бар жəне судағы орындықтар, ерекше жарықшамдар болады. Ал демалыс орнының дəл ортасында граниттен Қазақстанның атлас-картасы жасалады. Ол жаяу жүргіншілер жолының бір аймағына айналады.

Соңғы кездері Шымкент қаласында демалыс орындары көптеп ашылып, шырайлы қаламыз көркейіп, гүлдене түссуде.

Айта кетейік, Арбат көшенің бүкіл енін алады, ал ұзындығы 430 метр болмақ. Бұл аумаққа хризантема жəне канны гүлдері, көп жылдық ағаштар егіледі. Сарқырамалар орнатылып, Бейбітшілік көшесінің Республика даңғылы жəне Əл-Фараби алаңымен қиылысына арка орнатылмақ.

Пікір жазу