Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

Шымкент қаласының прокуроры болып 1974 жылғы Мақсат Қожабаев тағайындалды.

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 9 шілдедегі бұйрығы негізінде Шымкент қаласының прокуроры болып М.А. Қожабаев тағайындалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
Әртүрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды.
2012-2017 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Қызмет құтты болсын!

Пікір жазу