Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының прокуроры болып 1969 жылғы Нұрғалым Әбдіров тағайындалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарып келген.
Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағымдағы жылғы                  9 шілдедегі бұйрығы негізінде Түркістан облысының прокуроры болып Н.М.Әбдіров тағайындалды.
Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді.
Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар Департаменттерін басқарды.
2012-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысының прокуроры болды.
2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, прокурорлық қадағалауды жетілдірудегі қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Қызмет құтты болсын!

Пікір жазу