Басты бет » Қала тынысы » Әкімдік қала өмірін бірге жақсартуға шақырады

Әкімдік қала өмірін бірге жақсартуға шақырады

Шымкентте істен шыққан шамдар ауыстырылуда. Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында азаматтардан түскен шағымдар бойынша жұмыс істей бастады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция баарысында тұрғындардан түскен шағымдар мен жүргізілген сауалнама нәтижесі шығарылып, қалада назар аударылатын өзекті мәселелерді ретке келтіру жұмыстары басталуда. Сауалнама нәтижесі бойынша өзекті мәселе ретінде коммуналдық шаруашылық саласындағы істен шыққан шамдардың ахуалы болып отыр. Қаланың коммуналдық сала қызметкерлері жарықтандыру және қала шамдарының қызмет ахуалы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылуда. Бұл дегеніміз, алдағы күндері Шымкент қаласының көшелерінде кешкі мезгілде тұрғындар өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік бермек

Айт кетейік, жуырда Шымкент қаласының әкімдігі «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясын өткізген болатын. Қазіргі кезде сол шарада түскен шағымдарды қорытып, әкімдік қызметкерлері қала тұрғындарының шағымдары бойынша жұмыс жүргіуде.

 

Фотограф Береке Сейтжаппар

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*